Өскемен қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты. Қайғылы оқиға 23 қаңтарда, сарбаз қызмет атқару кезінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, марқұм әскер қатарына 2023 жылдың сәуір айында шақыртылған. Қазіргі уақытта әскери тергеу органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Тергеу барысы әскери прокуратураның тікелей бақылауына алынған.
Қорғаныс министрлігі сарбаздың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Фото: Әлеуметтік желіден

