NASA-ның «Артемида-1» миссиясы аясында ұшырылған «Орион» ғарыш кемесі Айдың арғы бетін айналып өтіп, адамзат тарихындағы жаңа рекордты тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Осылайша, ол 1970 жылы «Аполлон-13» миссиясы орнатқан 50 жылдан астам уақыт бойы жаңармаған рекордтан асып түсті. NASA дерегінше, «Аполлон-13» экипажы Жерден 400 171 шақырымға алыстаса, «Артемида-1» миссиясының көрсеткіші 406 771 шақырымға жеткен.
«Орион» кемесі Айдың арғы бетінде 40 минут бойы болып, Жер серігінің бетіне 6 550 шақырымға дейін жақындады. Осы қашықтықтан аппарат Ай бетіндегі кратерлерді, жартастарды және қатып қалған лава ағындарын егжей-тегжейлі суретке түсірді.
Жиналған барлық суреттер, сондай-ақ лазерлік және бейне деректер Ай картасын нақтылауға және геологтарға оның қыртысы миллиардтаған жылдар бойы қалай қалыптасқанын тереңірек түсінуге көмектеседі.
Фото: Әлеуметтік желіден

