Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды қолдау мен олардың сапалы білім алуына жағдай жасауды басты басымдық ретінде айқындап отыр. Сол себепті, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.




Соңғы 2 жылда мектептерде материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға 814 миллион теңгеге 101 мектепке жиһаз және 2,7 миллиард теңгеге 54 мектеп автобусы сатып алынды, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 480 миллион теңге қаражат бөлінді.
Білім беру саласына жасалып жатқан бұл инвестициялар – болашаққа салынған берік негіз. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.