Италияның Милан қаласында өткен Олимпиаданың гала-концертінде аты аңызға айналған актер Джеки Чан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Михаил Шайдоров мұз айдынында әйгілі «Кунг-фу панда» мультфильміндегі кейіпкердің образында өнер көрсеткен болатын. Оның жарқын бағдарламасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Спортшы өнерін аяқтағаннан кейін оны күтпеген жағдай күтіп тұрды. Қолына ойыншық пандаларды ұстаған Джеки Чанның өзі қазақстандық спортшыны құттықтауға шықты.
Киножұлдыз бен мәнерлеп сырғанаушы бір-біріне иіліп сәлем беріп, жылы құшақтасып, қол алысты. Бұл сәт көпшілік үшін ұмытылмастай әсер қалдырды.
Фото: Әлеуметтік желіден

