Categories Жайық news

«МЕН ОҚЫҒАН 30 КІТАП» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ  

Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық мерейтойы аясында «Мен оқыған 30 кітап» жобасының республикалық кезеңінің таныстырылымы өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, Асланбек Сарқұлов, ақын, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Мәдениет және білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және Ы.Алтынсарин медальдарының иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, «Казталов ауданының құрметті азаматы», ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалының төрайымы Дариға Мұштанова, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының кеңесшісі Тоқтар Кенжеғалиев, редакторлар мен журналистер, зиялы қауым өкілдері, бірқатар ауданның ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.

2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «кітап оқитын ұлт» қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударған болатын. «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президенттің бастамасы қоғамда қолдауға ие болып, аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың бастамасымен Казталов ауданында мектеп оқушылары арасында «Мен оқыған 30 кітап» жобасы ұйымдастырылды. Өткен жылы рухани жобаның алғаш рет облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Бас жүлдені шыңғырлаулық Айзере Жаумбай ие болып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Биыл байқаудың облыстық кезеңі Шыңғырлау ауданында өтеді деп жоспарланса, «Мен оқыған 30 кітап» І республикалық байқауы Казталовта өтпек.

— Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында сөйлеген сөзінде қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берген болатын. Ауданымызда жас буынның зейінін арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында аталған байқауды ұйымдастырып, бүгінде ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Биыл байқаудың облыстық кезеңін Шыңғырлау адуанында өткізу жөніндегі ұсынысты қолдағаны үшін әріптесім, аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевке шынайы ризашылығымды білдіремін. Байқаудың салтанатты түрде басталуымен шын жүректен құттықтай отырып, биыл республикалық кезеңнің жеңімпазына 1 млн теңге қаржылай сыйақы берілетінін атап өткім келеді, — деді аудан әкімі.

Игі бастаманы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, «AMANAT» партиясы және «Adyrna» ұлттық порталы қолдап отырғанын атап өткен жөн.

Салтанатты шарада сөз алған Дариға Ғазезқызы журналистер қауымын аталған байқауды кеңінен насихаттауға үндеп, руханиятты ту еткен жас ұрпаққа сәттілік тіледі.

Айта кетейік, өткен жылы білімді шыңдаған рухани байқаудың облыстық кезеңіне Теректі, Тасқала, Қаратөбе, Жәнібек, Бөкей Орда, Шыңғырлау, Жаңақала, Бәйтерек, Ақжайық, Казталов аудандары мен Орал қаласынан 15 оқушы қатысты.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

Елдің бір бөлігінде аяз, енді бірінде – боран: Қазақстандықтарды демалыста қандай ауа райы күтіп тұр?

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің кей аймақтарында аяз болса, кейбірінде…

Клиника басшысынан 1 млн теңге бопсалаған: Түркістандық блогердің үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында клиника басшысынан 1 миллион теңге бопсалады деген күдікпен 32 жастағы блогер әйел ұсталып,…

Reuters: Шетелдіктердің «ыстық ақшасы» теңгені құнсыздандыруы мүмкін

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шетелдік алыпсатарлардың «ыстық ақшасы» теңгеге қауіп төндіруде. Капиталдың кетуі валютаның құнсыздануына әкелуі…