Categories Жайық news

Мәжіліс депутаты «Batys hub» инновациялық орталығы жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна Валерьевна Батыс Қазақстан облысына іс-сапары барысында «Batys hub» инновациялық орталығы жұмысымен танысты. Batys Hub — Батыс Қазақстандағы цифрлық дағдыларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және мықты IT-қоғамдастық құруға арналған аймақтық алаң. Хаб жаңа жобалардың пайда болуына және технологиялық кәсіпкерліктің өсуіне қолайлы орта қалыптастырады.

Batys Hub-тың миссиясы — оқуға, стартаптарды іске қосуға, пікірлес адамдарды табуға және аймақтық технологиялық қозғалыстың бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін IT-экожүйені құру.

Batys Hub өз жұмысын 2023 жылдың наурыз айында Jaiq Hub атауымен бастады. 2025 жылдың 6 қазанында хаб мәртебесі ресми түрде бекітіліп, Batys Hub деп аталып, ребрендинг жүргізілді. Бұл кезең аймақтық брендті нығайтып, миссияны күшейткен жаңа даму сатысын білдіреді.

  • «Депутаттардың өңірлерге сапардағы ең басты мақсаты – Мәжілісте атқарылған жұмыстарды талқылау. Оның ішінде сайлаушылармен кері байланыс жүргізу негізгі қызметіміз. Өңірдегі сапарым Бөрлі ауданы мен Теректі ауданынан бастау алды. Тұрғындардың кездесулерде қоятын негізгі сұрақтары әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты. Бүгінгі біз танысып тұрған нысан – Batys hub орталығы қазіргі цифрландыру дәуіріндегі аса маңызды нысандардың бірі. Себебі Мемлекет басшысы да атап өткендей, биылғы жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған болатын. Қазіргі таңда аса қарқын алып келе жатырған онлайн төлемдер, цифрлық қызметтер күнделікті өмірімізге енді. Ал бұл орталықтар басқа да бағыттарды, денсаулық сақтау, білім саласы сияқты бағыттардағы әртүрлі мәселелерді жеңілдетуге үлкен мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Орталықта қазіргі таңда 20-ға жуық мамандар шоғырланған. Олардың бірқатар жобалары әлемдік додаларда үздіктер қатарынан көрінді. Ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы, балалар денсаулығы тақырыптарында бірқатар сала мамандары өз жобаларының таныстырылымын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғамға тигізетін пайдасы, қаражат табу мүмкіндіктері тақырыптарына тоқталып өтті жоба авторлары.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…