Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін халыққа кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына орай сенаторлар еліміздің өңірлеріне аттанған болатын.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Конституциялық комиссияның және жалпыұлттық коалицияның мүшесі Нұрлан Бекназаров жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық талқылау аясында 16-18 ақпан аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында болды. Жұмыс сапары барысында өңірлер тұрғындарымен, жұртшылық, ғылыми және мәдени қоғамдастық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, студент жастармен кездесулер өтті. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге баса назар аударылды.
Сенатор Құрылтай, Вице-президент институттары мен Халық Кеңесінің дамуын, сондай-ақ сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтумен қоса мемлекеттің институционалдық негіздерінің өзгеруін көрсететін ережелерге ерекше назар аударды.
Сенатор, жалпыұлттық коалиция мүшесі Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына болды және Халық Конституциясы жобасын жалпыұлттық талқылау жөніндегі жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында жұртшылықпен, еңбек ұжымдары және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Ол Тұран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Онда қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ еліміздің бұдан былайғы қоғамдық-саяси дамуы мақсатында ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу барысында конституциялық реформаның мақсаттары мен негізгі ережелері, сондай-ақ жаңа Конституция жобасының елімізді одан әрі дамытудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сенатор Сәкен Арубаев «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында Талас ауданында жұмыс бабындағы сапармен болды.
Сапар барысында Қаратау қаласының тұрғындарымен, Talas Investment Company, «Шолақтау» тау-кен байыту кешені, «Қазфосфат» ЖШС ұжымдарымен, сондай-ақ №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының қызметкерлерімен кездесулер өтті. Халықтық Конституция жобасының негізгі ережелері, оның жаңалықтары және еліміздің бұдан былайғы дамуындағы маңызы ашық диалог түрінде талқыланды.
Сенатор Алтынбек Нұхұлы «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Павлодар облысында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған шара өңірдегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орны аясындағы Марғұлан ғылыми орталығында өтті. Кездесуді университет ректоры Ержан Әмірбекұлы өткізді. Талқылауға ғылыми орталықтың басшысы Тимур Смағұлов, проректорлар, декандар және ғылыми қызметкерлер қатысты.
Сенаторлар Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев жаңа Конституция жобасын талқылау аясында Алатау қаласында орналасқан «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. #aa

