Categories Жайық news

Көзді «соқыр» ететін шамдарға тыйым салына ма? Депутат дабыл қақты

Қазақстанда көліктерге заңсыз орнатылған LED және Bi-LED шамдарына тыйым салу ұсынылды, себебі олар басқа жүргізушілердің көзін шағылыстырып, жол апатының көбеюіне әкеп соғуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев көтерді. Ол жол-көлік оқиғалары мен жол жүру ережесін бұзу деректерінің артуына алаңдаушылық білдірді.

Депутаттың келтірген дерегінше, 2023 жылы елімізде 12,6 миллион, ал 2024 жылдың тоғыз айында 9,7 миллион жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелген.

«Көзді шағылыстыратын жарық апатты жағдайды көбейтіп, адам өміріне тікелей қауіп төндіреді», — деп атап өтті Сәрсенғалиев.

Сонымен қатар, депутат жол ережесін жиі және өрескел бұзған жүргізушілерді қайта емтихан тапсыруға міндеттеуді және жүргізуші куәлігін заңсыз беруді толық тоқтатуды ұсынды.

Ол қосымша шара ретінде жолдарды бақылауға дрон қолдану, жол құрылысына ашық бақылау енгізу, жүктемесі көп жол учаскелерін кеңейту және жүргізушілерді қауіп туралы цифрлық платформалар арқылы хабардар ету қажеттігін де айтты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…