Жалпыұлттық және өңірлік коалиция мүшелері «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси ахуал, жүзеге асырылып жатқан реформалар және алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар туралы кеңінен ақпарат берілді. Коалиция мүшелері атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып, қоғаммен кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында кәсіпорын қызметкерлері өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, сындарлы пікір алмасумен ерекшеленді.
Мұндай кездесулер қоғам мен өндіріс өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

