Америка Құрама Штаттарының жартысынан астам аумағын алапат дауыл басып, 172 миллион тұрғынға қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Елдің 10-нан астам штатында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қаһарлы аяздың салдарынан газ бағасы бірден 67 пайызға көтерілген.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүкендерде бірінші кезекте қажетті тауарлар тапшылығы байқалып, сөрелер босап қалған.
Метеорологтар 26 қаңтарға дейін электр жарығы жаппай сөнуі мүмкін екенін және жолдардың жүруге жарамсыз болатынын ескертуде.
Бірқатар штатта азаматтық қызметтерге көмекке Ұлттық гвардия жұмылдырылды.
Фото: Әлеуметтік желіден

