Ағымдағы жылдың 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек» — деп ерекше атап өткен болатын.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика» және «Түлеген ауыл, ауқатты ауыл тұрғыны» атты бөлімдерінде ауылға инвестиция тарту, отандық өнім мен азық-түлік саясаты, жаһандық агроөнеркәсіп кешенің дамыту міндеттерін айқындап берді.
Жолдаудан туындайтын мәселелер мен жергілікті жердегі инвестиция тарту жұмыстары бойынша алғаш рет Казталов ауданында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында 18 қыркүйек күні «KAZTALOV-INVEST» I аудандық инвестициялық форум өтеді.
Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қаюпов Тлепберген Ерсайұлы қатысады.
09.00-10.00 — мемлекеттен қолдау алып, кәсібін бастаған жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерінен көрме;
10.00-11.20 – форумның ашылу салтанаты. Спикерлердің мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлікті дамыту бойынша хабарламалары;
11.20-12.10 — округ әкімдері мен жергілікті кәсіпкерлердің меморандумға қол қоюы; Барлығы 1133,4 млн теңгеге 13 жоба.
12.10-12.30 – пікір алмасу;
15.00 – Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округі «Сакрыл» көлінде «Ақкөл» қонақ үйінің ашылуы.
Туған жердің туризімін дамыту мақсатында, ауыл халқына демалыс орнын көздеп, ЖК «Сартаев» мердігері Сартаев Әлібек Дүйсенғалиұлының бастамасымен Сакрыл жағасындағы шағын қонақ үй ашылуда. Қонақ үй 5 бөлмелі, орталықтандырылған ішкі кәріз және жылыту жүйелерімен қамтылған. Өз қаражаты есебінен демалыс орыны, қонақ үй құрылысы, газ өткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жалпы құны 49 млн 900 мың теңгеге жоба жасақталды. Құрылыс жұмыстары барысында 2 балалар бассейні, 2 монша, Сакрыл көлі жағасында жағажай, киіз үйлер(5-6 киіз үй) мен сыртқы орынжайлар (топчан), катер, катамаран, су мотоциклдерін қою қарастырылған. Сонымен қатар су айдынында асыл тұқымды шабақ (карп) өсіретін 3 тоған жұмыс жасауда және арнайы айдында 10 тонна шабақ өсірілуде. Атаулы жұмыстарға 300 млн теңгеге жуық қаражат салынды.
Байланыс:
Мұханбетова Айдана Ғабитқызы
Казталов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы
87769173232