Categories Жайық news

Қазақстандық дипломдар Азияда мойындалады: Тоқаев маңызды заңды бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім саласындағы біліктілікті тануға қатысты Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл құжат қазақстандық дипломдардың халықаралық деңгейде мойындалуын едәуір жеңілдетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Мемлекет басшысы бекіткен заң Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған. Конвенцияны ратификациялаудың арқасында енді қазақстандық студенттер мен мамандардың біліктілігі Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерде оңай танылатын болады.

Бұл өзгеріс академиялық және кәсіби ұтқырлықты арттырып, отандастарымыздың шетелде білімін жалғастыруына немесе жұмысқа орналасуына кең жол ашады. Сонымен қатар, Қазақстан да конвенцияға мүше басқа елдердің біліктілігін танитындықтан, елімізге шетелдік студенттер мен білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайды.

Заңның толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Косметологиялық клиникадағы өлім: министрлік тексеріс бастады

Әйел адам косметологиялық клиникада қайтыс болған оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады.

Бастапқы әскери дайындық пәні педагогтеріне арналған әдістемелік жиын ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 20-21 мамыр күндері бастапқы әскери…