Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте қарулы шабуыл болып, кемінде 10 адам мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға салдарынан 25 адам түрлі дене жарақатын алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, құрбандардың алтауының денесі оқу орнынан табылса, біреуі ауруханаға жеткізілмей жолда көз жұмған. Тағы екі адамның мәйіті жеке үйлердің бірінен анықталды.
Полиция күдіктінің де оқиға орнында өлі табылғанын растады. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден

