Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіскен жағдайда Қазақстанның Ираннан келетін босқындарды қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
“Әзірге Ирандағы немесе Таяу Шығыстың басқа елдеріндегі қандастардан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Дегенмен, босқындар ағыны ықтимал жағдайларға арналған хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде жұмыс істеуге дайын”, — деді Әлібек Бақаев.
Сарапшылардың пайымдауынша, егер Ираннан босқындар легі басталса, олардың барар жері аз. Себебі қазіргі таңда ұжымдық Батыс пен Таяу Шығыстың біраз елі Иранмен текетірес жағдайында. Еуропа мен АҚШ радикалды элементтерден қауіптеніп, босқындарды жаппай қабылдай қоюы екіталай.
Осы орайда салыстырмалы түрде бейтараптықты сақтап отырған Орталық Азия елдері босқындар үшін қауіпсіз әрі жетуге оңай бағыттың біріне айналуы мүмкін.
Түрлі бағалаулар бойынша, Иран халқының шамамен 25%-ында жоғары білім бар. Бұл көрсеткіш Қазақстанмен деңгейлес. Демек, олар – өз елінде жоғалтатын дүниесі бар білікті мамандар.
Фото: Әлеуметтік желіден

