Иран әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін жоғары дайындыққа келтірген соң, Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Иран билігі Ислам революциясы сақшылар корпусының Әуе-ғарыш күштерін де жоғары дайындыққа келтіріп, азаматтық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін жабатыны туралы ресми хабарлама (NOTAM) таратты.
Осы уақытта АҚШ та Катардағы Әл-Удейд авиабазасындағы қызметкерлер санын азайта бастады.
Әл-Удейд – Американың Таяу Шығыстағы ең маңызды әскери базаларының бірі саналады. Бұл нысанда 10 мыңға жуық әскери және азаматтық қызметкер тұрақты түрде орналасқан.
Иран билігі бұған дейін АҚШ тарапынан шабуыл болған жағдайда, аймақтағы америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеген.

