Categories Саясат

Ғазиз Әбішев: Келесі президент? Заңдағы бір олқылық 13 жылдық басқаруға жол ашуы мүмкін еді

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда оның орнын басқан адамның билікте 7 жылдан артық отыруына мүмкіндік беретін конституциялық олқылық туралы айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, 24 қаңтарда Конституциялық комиссия отырысында Әділет министрі Сәрсембаев президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда міндетті түрде кезектен тыс сайлау өткізуге қатысты ұстанымын нақтылаған.

«Оның айтуынша, егер президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылса (кетсе), биліктен шеттетілсе (импичмент) немесе қайтыс болса, Парламент жеті күн ішінде президент сайлауын тағайындайды. Сайлау екі айдың ішінде өтуі тиіс», – деп түсіндіреді саясаттанушы.

Әбішев бұл норма Негізгі заңда көрсетілген конституциялық мерзімдерді қорғауға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, Конституцияның 42-бабында «Бір адам қатарынан бір реттен артық Президент болып сайлана алмайды» деп жазылған. Яғни, бұл бапта бір адам бір реттен артық өкілеттікті қабылдай алмайды деп емес, бір реттен артық сайлана алмайды деп нақты көрсетілген.

Сарапшы Конституцияның 48-бабындағы «президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның өкілеттігі қалған мерзімге мұрагеріне өтеді» деген норма өзгеріссіз қалса, қызық жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеді.

«Мәселен, бір адам жеті жылға президент болып сайланды делік. Президент вице-президентті ұсынып, оны Парламент бекітті. Бір жылдан кейін президент кез келген себеппен отставкаға кетеді. Сонда вице-президент қалған алты жылды толық атқарады. Одан кейін ол тағы жеті жылға сайлауға түсе алады. Бұған Конституция тыйым салмайды, себебі ол президент сайлауына өмірінде бірінші рет қатысып отыр ғой», – дейді Ғазиз Әбішев.

Оның айтуынша, Президент Тоқаевтың бастамасы мұндай заңдағы саңылауды жабады. Егер мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кетсе, екі ай ішінде сайлау өтеді. Жаңа президент өзінің жалғыз жеті жылдық мерзіміне сайланады.

Ұқсас жазбалар

Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

Парламент Сенатының депуаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссия отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдеріндегі нормаларға тоқталды. Комиссия…

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды.…

Снежанна Имашева: Конституцияның Преамбуласы — Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі

Конституциялық комиссияның екінші отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды кезең-кезеңмен талқылау…