Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі бірдей алтын медаль жеңіп, тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшы алдымен 500 метрге жарысуда топ жарған. Кристина бұл қашықтықты 38.48 секундта еңсеріп, жеке рекордын жаңартты әрі алтыннан алқа тақты.
Отандасымыз мұнымен тоқтап қалмай, 1500 метрлік қашықтықта да қарсылас шақ келтірмеді. Бұл сында ол 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Бұл да оның спорттық мансабындағы жаңа жеке рекорды болып тіркелді.
Осылайша, Кристина Шумекова бір чемпионатта екі рет жеңіс тұғырына көтеріліп, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Фото: Әлеуметтік желіден

