Categories Жайық news

Еуропа Гренландияны АҚШ президентінен қалай қорғауға тырысып жатыр

Еуропалық одақ елдері АҚШ президентінің Гренландияны иемдену ниетіне алаңдап отыр. Брюссельде өткен кездесуде сыртқы істер министрлері бұл арал ешкімге берілмейді деді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Біз Трамппен тікелей қақтығысқа дайын болуымыз керек», – деді ЕО-ға мүше елдің бір дипломаты. Оның айтуынша, АҚШ басшысы өзінің ұстанымын ашық көрсетіп отыр әрі Еуропа бұл мәселеге бейқам қарамауы тиіс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио алдағы аптада Даниямен Гренландия мәселесін талқылауға ниетті екенін мәлімдеді. Ақ үй өкілдері аумақты сатып алу немесе келіссөз арқылы алу бойынша жоспар барын айтса да, әскери жолды да жоққа шығармады.

Франция, Германия және Польша сыртқы істер министрлері ортақ ұстанымды талқылап, АҚШ-тың аралға қатысты әрекеттерін тоқтату жолдарын қарастырды.

«Гренландия — сатылатын немесе тартып алынатын жер емес. Сондықтан бұл қоқан-лоққы тоқтатылуы керек», – деді Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро.

Еуропалық сарапшылар мен НАТО өкілдері АҚШ-тың аралды иемденуін болдырмау үшін қандай амал қолдануға болатынын қарастырып жатыр. Ешкім нақты шешім болмағанын мойындаса да, көп уақыт жоғалтып отыруға болмайтыны анық.

АҚШ Гренландияның стратегиялық маңызы артып келе жатқанын алға тартады. НАТО-дағы елшісі Мэтью Уитакердің сөзінше, Арктикада мұз ери бастағалы бұл бағыт АҚШ қауіпсіздігі үшін әлдеқайда маңызды бола түскен.

«Гренландияда қауіпсіздік тиісінше қамтамасыз етілмеген. Бұл АҚШ-тың қорғанысы үшін елеулі қатерге айналуда», – деді Уитакер.

Осыған орай, НАТО кейбір бастамаларды ұсынып отыр. Атап айтқанда, Арктикадағы әскери дайындықты күшейтіп, ол өңірде жиі жаттығу өткізу, кейде тіпті әскер орналастыру ұсынылуда. Мұндай шаралар АҚШ-ты тыныштандырудың бір жолы ретінде қарастырылып отыр.

Үш бірдей НАТО дипломаты Альянс құрамында «Солтүстік күзетшісі» атты жаңадан әскери бағдарлама құру жайын көтерген. Мұндай бастамалар бұған дейін Шығыс Еуропа мен Балтықтағы қауіпсіздік шаралары аясында пайдаланылған болатын.

«Гренландия маңындағы НАТО қатысуын қаншалықты күшейте алсақ — соншалықты жақсы. Бұл Трамптың талабына жауап берудің жалғыз жолы шығар», – деді Солтүстікатлантикалық одақтағы дипломаттардың бірі.

Ұқсас жазбалар

Colorful mini flags of countries on a world map, symbolizing global connections.

Дания мен Гренландия өкілдері АҚШ президентінің кеңесшілерімен кездесті

Дания мен Гренландияның өкілдері Гренландия аралына қатысты АҚШ талаптарынан бас тартқызу үшін Ақ үймен келіссөз…

Toy houses on a detailed map of Greenland, highlighting geographic features. Ideal for travel concepts.

АҚШ вице-президенті Гренландия мәселесінде Еуропа мен Данияны сынға алды

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Гренландия қауіпсіздігі бойынша Еуропа мен Данияны сынға алды. Ол бұл…

АҚШ Сенаты Трамптың Венесуэлаға қарсы соғыс қимылын шектеуі мүмкін қарарды қабылдады

АҚШ Сенаты Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға қарсы әскери қимылға бармауды міндеттейтін қарарды мақұлдады: 52–47.