Categories Қаржы

Биыл оқу ақысы қаншаға өсті: жылына 7,6 млн теңгеге дейін

Қазақстанда жоғары білім қымбаттап кетті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биылғы бірінші тоқсанда оқу ақысы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең қымбат білім – медицина және халықаралық қатынастар саласында. Мысалы, Назарбаев Университетінде оқу жылына 7,6 миллион теңге тұрады. Ал Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) баға 5,9 миллион теңгеге жеткен.

«Бағаның өсуіне инфляция мен шығындардың көбеюі себеп болды. Білім сапасын сақтау үшін бізге қосымша қаржы қажет», – дейді оқу ордаларының өкілдері.

Мемлекеттік гранттар да өзгеріссіз қалмады. Биыл грант иелеріне төленетін сома 1,5 есеге ұлғайды, бірақ бұл ақылы бөлімде оқитындардың жағдайын жеңілдете алмай отыр. Енді көптеген отбасы баласының оқуына жылына 3–5 миллион теңге жұмсауға мәжбүр.

Мамандардың айтуынша, білім қымбаттаған сайын студенттер несие алуға немесе жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл оқу үлгеріміне кері әсер етуі мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында апталық жүк рейстерін ашты

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында апталық жүк рейстерін іске қосты.

Қазақстан Emirates SkyCargo үшін Орталық Азиядағы алғашқы бағыт болды

Алматы әуежайына Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келіп қонды. Осылайша Қазақстан Emirates SkyCargo үшін…

Жұмыс істейтін аналарға арналған әлеуметтік төлемдер сақталады

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде Қазақстанда жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып жатыр…