Ақтөбе облысында өткен жылы кәмелетке толмаған 99 қыз жүкті болып қалды, олардың ең кішісі небәрі 14 жаста болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
«Диапазон» басылымының мәліметінше, 2023 жылы 15-18 жас аралығындағы 99 жасөспірім жүкті болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 107-ні құраған.
Балалар гинекологы Салтанат Түбілбаеваның айтуынша, жасөспірімдердің басым көпшілігі баланы өмірге әкелуге шешім қабылдайды.
«Жүкті болған қыздардың 97-98%-ы баланы босанады, ал 17 жастағылар көбіне тұрмысқа шығады. Әлі толық қатаймаған ағза үшін бұл өте үлкен салмақ. Жас аналарда асқынулар 2-3 есе жиі кездеседі. Сондай-ақ сәбилердің көбі аз салмақпен туады», – дейді дәрігер.
Фото: Диапазон

