Categories Жайық news

Енді картаға аудармайды: Алматыда алаяқтар «курьер» жіберіп, қолма-қол ақша алып кетіп жүр

Алматыда алаяқтар жаңа айла-тәсілге көшті: енді олар ақшаны банк картасына аудартудың орнына, жәбірленушінің үйіне «курьер» жіберіп, қолма-қол ақша алдырып жүр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді.

«Алаяқтар банк карталарына ақша аударудан жиі бас тартып, оның орнына сыбайластарын «курьер» ретінде қолма-қол ақшаға жіберетін болды. Себебі фродқа қарсы жүйелердің жұмысы күшейіп, дроп-карталарды (бөтен адамдардың атына ашылған карталар) пайдалану тиімсіз болып қалды», – деді Еркебұлан Қойшыбаев.

Полиция өкілі осы схема бойынша жұмыс істеген төрт күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Олардың жасы 20 мен 35 аралығында. Қазір тергеушілер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Алматыда 2500-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Келтірілген жалпы шығын көлемі – шамамен 2,5 миллиард теңге. Оның 700 миллион теңгесі зардап шеккен азаматтарға қайтарылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Құрметті Орал қаласы тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Орал қаласындағы «Шаған» гараж кооперативі аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы…

Астанада полицейге оқ атқан күдікті «адам өлтіруге оқталу» бабымен қамалды

Астанада қызметтен тыс уақытта қарулы адамды ұстамақ болған полиция қызметкерін арқасынан атқан күдікті қамауға алынды.

Close-up of a graduate receiving a diploma outdoors in cap and gown.

Токио конвенциясы: «Қазақстандық дипломдарға деген шетелдік сенім артады»

Қазақстан Токио конвенциясын ратификациялады. Бұл шешім қазақстандық дипломдардың Азия-Тынық мұхиты аймағында мойындалуын жеңілдетеді.