Categories Жайық news

Елдегі ең танымал бензин қымбаттап жатыр: Мораторий неге АИ-95-ке әсер етпеді?

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасына мораторий енгізілгенімен, жүргізушілердің көбі қолданатын АИ-95 маркалы жанармай құны шарықтап барады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Соңғы бір жылда елімізде бензин бағасы орта есеппен 16%-ға өскен. Үкімет АИ-92 бағасын 2023 жылдың қазанында тұрақтандырғанымен, шектеуге ілінбеген АИ-95 маркасының бір литрі 35-40 теңгеге дейін қымбаттап үлгерді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі заманауи көліктердің көбіне дәл осы АИ-95 жанармайы қажет. Желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, АИ-92-нің орташа бағасы 235 теңге болса, АИ-95 үшін жүргізушілер 298 теңге төлеген.

Энергетика министрлігі Қазақстандағы жанармай бағасы әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда әлі де арзан екенін, бірақ бағаның әрі қарай өсуі мүмкін екенін ескертеді.

Осыған байланысты автосарапшылар үкіметтік мораторийді халық көп тұтынатын АИ-95 бензиніне де қолдану қажет деп санайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ақтөбелік зергер клиенттерін 12 миллион теңгеге алдап кеткен

Ақтөбеде клиенттердің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп келген зергер ұсталды. Ол 20 адамды алдап, 12 млн…

A striking low angle view of a modern glass building against a clear blue sky, emphasizing urban architecture.

Мүлікке инвестиция: Пәтер 6% әкелсе, бұл сала 15% кіріс әкеледі

Сарапшы Діләрә Сейітнұрова Қазақстанда пәтерге инвестиция тиімсіз екенін айтты. Оның орнына қойма, стрит-ритейл және кеңселік…

АҚШ-та алапат боран: 12 адам қаза тапты, жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды

АҚШ-тағы қысқы дауыл салдарынан кемінде 12 адам мерт болып, 700 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз…