Categories Жайық news

Дональд Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті етіп «тағайындады»

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп өзінің Truth Social парақшасында Уикипедиядағы өмірбаян үлгісінде жасалған скриншотты жариялады. Онда Дональд Трамптың 2026 жылдың қаңтарында Венесуэла президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны жазылған. Бұл ретте ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.

Ресми түрде Венесуэла президентінің міндетін қазір Делси Родригес уақытша атқарып отыр. Жақында ол елдегі саяси тұтқындардың босатылатынын мәлімдеген. Осыған дейін 18 адам бостандыққа шықты.

Фото: Ақ үй

Ұқсас жазбалар

100 миллион теңге пара алған: БҚО-дағы салық қызметінің басшысы қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшыларының бірі 100 млн теңгеден астам пара алғаны үшін…

Дәрігерге тегін қаралу қиындай ма? 2026 жылдан бастап медицинада не өзгереді?

2026 жылдан бастап Қазақстанда медициналық көмек алу ережелері өзгереді. Тегін қызметтер, МӘМС, дәрігерлерге қолдау және…

A firefighter tackles the aftermath of a house fire, clearing debris from a burned roof.

СҚО-дағы жантүршігерлік өрт: Әкесі мен екі сәбиі тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, әкесі мен екі кішкентай баласы тірідей жанып кетті. Балалардың…