Атышулы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық өзгерістер жалғасып жатыр. Қор төрағасының екі жаңа орынбасары болып Бақытжан Абдуллаев пен Индира Ерденова тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Олар бұл қызметте Светлана Пономарева мен Жұлдыз Рамазанованы алмастырды.
Бақытжан Абдуллаев бұған дейін ұзақ уақыт Астанадағы №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген. Ал 2023 жылдан бастап Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ал Индира Ерденова – Қордың жаңа басшысы сияқты Қаржы министрлігі жүйесінен келген маман. Оның еңбек жолына сүйенсек, ол негізінен борышкерлермен жұмыс және мемлекеттік сатып алу салаларына жауапты болған. Соңғы уақытта салық саласын цифрландырумен айналысқан.
Фото: Әлеуметтік желіден

