Парламент Сенатының бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасында қатынайтын әуе рейсінің бортында жолаушылар қатарынан байқалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл туралы белгілі блогер Әлішер Елікбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Назарбаева бизнес-класспен емес, қарапайым жолаушылармен бірге эконом-класста ұшқан. Алайда оның қасында жеке оққағары еріп жүрген.
«Дариға Назарбаеваны Астанадан Алматыға ұшатын тұрақты рейсте көрдім. Қасында оққағары бар», — деп жазды Елікбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Дариға Назарбаева 2022 жылдың басында Парламент Мәжілісі депутатының мандатын тапсырғаннан бері көпшілік алдына жиі шыға бермейді.
Фото: Әлеуметтік желіден

