Алматыда тәуелсіз журналист қамауға алынды

 

Алматыда тәуелсіз журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталып, оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша айып тағылды.

3 қыркүйекте қалалық Полиция департаменті алдында бір топ белсенді жиналып, журналисті босатуды талап етті. Наразыларға тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев шығып, істің қозғалғанын растады. Оның айтуынша, Мырзатайұлына адвокат шақырып, қоңырау шалуға мүмкіндік берілген, ал қамау мерзімі – 48 сағат.

Алайда журналистің туыстары мұнымен келіспейді. Олар ұстау кезінде ешқандай қоңырауға рұқсат берілмегенін айтады. Әпкесі Айгүл Бишуинованың сөзінше, бауыры Талғардан қайтып келе жатқанда ұсталған, көлігі жол бойында ашық күйінде қалған. Жақындары оны таба алмай, таңға дейін іздегенін жеткізді. «Құзырлы органдардан нақты жауап болмаған соң, адам жоғалғаны туралы арыз жазуға мәжбүр болдым», – дейді ол.

Ұқсас жазбалар

Рудныйда көпқабатты үйде өрт: төрт адам құтқарылды, 14 тұрғын эвакуацияланды

Рудныйда көпқабатты үйде шыққан өрттен ТЖМ қызметкерлері төрт адамды құтқарып, 14 тұрғынды эвакуациялады.

Найзағай мен өрт қаупі: Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы тұрақсыз

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, дауыл және өрт қаупі күтіледі. Синоптиктер көптеген аймақта жаңбыр мен қатты…

Ақ үй маңында қарулы шабуыл: күдікті оқиға орнында қаза тапты

Ақ үй маңында қарулы шабуыл болып, күдікті оқиға орнында көз жұмды.