Categories Жайық news

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Негізгі Заң ережелерінен туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады.

Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар әзірленді.

Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

Жалпы Жоспар Конституция нормаларын халық арасында кеңінен түсіндіруді және еліміздің Негізгі Заң ережелерінің толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. #aa

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…