Categories Жайық news

Жапония қазақ мұнайына көз тікті: Таяу Шығысқа тәуелділіктен құтылудың жолын тапты ма?

Жапония Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты мұнай импорты үшін Қазақстанға бет бұруы мүмкін. Елдің ірі компаниясы қазақстандық шикізатты сатып алуға басымдық беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жапонияның ірі INPEX компаниясы Қазақстан мен Әзірбайжаннан келетін шикізатты сатып алушыларға бірінші кезекте бағыттауға әзір екенін жеткізді.

Әңгіме Каспий теңізіндегі Қашаған және Әзер-Шырақ-Гүнешли кен орындарынан өндірілетін мұнай туралы болып отыр. Қазір бұл көлемнің басым бөлігі Еуропаға жөнелтіледі. Алайда жапондық компаниялар тарапынан сұраныс туындаса, жеткізілімдердің бір бөлігі Жапонияға бағытталуы ықтимал.

Жапонияның Қазақстанға назар аударуының басты себебі – Таяу Шығыстан мұнай тасымалдаудағы тәуекелдердің артуы. Yomiuri басылымының жазуынша, қазіргі таңда Жапония тұтынатын мұнайдың 90 пайыздан астамын осы аймақтан алады. Ормуз бұғазы арқылы өтудегі қиындықтарға байланысты ел басшылығы балама бағыттарды іздей бастады.

Дегенмен, бұл жерде логистика мәселесі бар. Қазақстаннан мұнайды айналма жолмен – Қызыл теңіз арқылы немесе Африканы айналып тасуға тура келеді. Нәтижесінде, жүк 35-55 күнде жетсе, Ормуз бұғазы арқылы тасымалдауға небәрі 20 күн кетеді.

Ресми Токио жалпы энергетикалық стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Америка мен АҚШ-тан шикізат жеткізу нұсқалары да талқылануда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…