Categories Жайық news

Тас жолдағы трагедия: апатқа ұшыраған Toyota Alphard-тың кесірінен төрт адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам қайтыс болып кетті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас жазбалар

БҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыспен қамтудың белсенді шараларының І…

БҚО-да 11,7 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды  

Облыс әкімдігінде Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллинның төрағалығымен бассейндік кеңестің кезекті отырысы өтті.…

БҚО-да газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызға жетті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көмір энергетикасын дамыту және көмір…