БҚО-да тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша заңнамалық жаңашылдықтар түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысы қалалық әкімдігінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қ. Мыңбаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Оған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі М. Абдыкаримов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қ. Өмірәлиев, қалалық және аудандық ТҮКШ бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ қаладағы ПИК және МИБ төрағалары қатысты.

Кеңес барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Тұрғын үй қоры дамыту басқармасының бас эксперті С. Саурыкова онлайн форматта заңнамадағы жаңалықтарды баяндап, МИБ және ПИК төрағалары мен қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

Заңнамадағы негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:

МИБ, ПИК және ЖШС секілді барлық заңды тұлғалардың есептілігін белгіленген мерзімде және толық көлемде ұсынуын қамтамасыз ету;

Әрбір көппәтерлі тұрғын үй бойынша жеке ағымдағы есеп жүргізу және қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру;

Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауды күшейту;

Цифрлық құралдарды (электронды дауыс беру, онлайн-бухгалтерия және т.б.) қолдану мүмкіндіктерін кеңейту және олардың дамуына ықпал ету.

Кеңес барысында тұрғын үй-коммуналдық саланың мамандары жаңа ережелерді тиімді пайдалану жолдарын талқылап, тұрғын үйлердің басқару сапасын арттыруға бағытталған шараларды үйлестіруде тәжірибе алмасты.

Сурет: видеодан скрин БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде…

Мемлекет басшысы Жаңа жылда қандай бастамалар мен үндеулер жолдады?

Президент Жаңа жылдық жолдауында ұлттық бастамалар мен жастарға арналған үндеулерін жариялады.

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…