Categories Қаржы

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясының қызметкерлеріне тағы 50 пәтер сыйға тартты. Бұл – оның еңбек ұжымына деген қамқорлығының кезекті көрінісі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Пәтерлер компанияның үздік жұмысшыларына, көпбалалы отбасыларға және еңбек өтілі ұзақ мамандарға берілді. Кәсіпкер бұл бастамасымен еліміздегі әлеуметтік жауапкершілікті бизнес үлгісін насихаттап келеді.

«Біздің басты байлығымыз – адамдар. Еңбек адамын қолдау – парызым», – деді Тұрсынғали Алагөзов салтанатты шарада.

Бұған дейін де кәсіпкер жұмысшыларына тұрғын үй сыйлап, әлеуметтік жобаларды қаржыландырып жүрген. Бұл жолы да пәтер иелерінің қуанышында шек болмады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда пәтер құрылысы қымбаттады: 1 шаршы метр қанша тұрады?

2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда тұрғын үй салу құны 2,5 пайызға өсті. Қазір 1…

Тұрғын үй нарығында жаңа тәртіп: ипотекалық несиеге қатаң талаптар қойылады

1 шілдеден бастап ипотекалық несие алу тәртібі қатаңдайды. Енді ай сайынғы төлемдер табыстың 50 пайызынан…

Несие төлеуді кешіктірсеңіз, жеңілдік: жаңа жүйе 2026 жылы іске қосылады

2026 жылдың 12 шілдесінен бастап несие төлеуді кешіктіргендерге жеңілдіктер мен қайта құрылымдау мүмкіндігі беріледі.