Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды  

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өңірдің алдағы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы бойынша кеңес өтті.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 98%-ға жетті. Бірқатар медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар қыркүйек айында толық аяқталмақ. Сондай-ақ, білім беру және мәдениет нысандарының 99%-ы, спорт және әлеуметтік сала нысандары 100% дайын.

Орал қаласында 1210 көпқабатты үйдің 963-і дайындық паспорттарын алды. Әсіресе бес жатақхананың жағдайы ерекше бақылауда. Олар:

— Жәңгір хан көшесі, №16 үй;

— Ружейников көшесі, №7 үй;

— Ақотау көшесі, №24 және №24/1 үйлер;

— Х. Чурин көшесі, №119 үй;

— Доспанова көшесі, №58А үй.

Табиғи монополиялар субъектілерінің дайындығы да қаралды. «Жайықжылқуат» АҚ жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын 85%-ға орындады, «Батыс Су Арнасы» ЖШС су жүйелерін қайта құру жұмыстарын аяқтауға жақын. Электр желілері мен газ инфрақұрылымын жаңғыртуға да миллиардтаған теңге көлемінде қаржы бағытталуда.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындықты толық қамтамасыз етуді, отын қоры мен коммуналдық инфрақұрылымның сенімді жұмысын бақылауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Манилада мыңнан астам үй өртке оранды: жүздеген отбасы баспанасыз қалды

Филиппин астанасы Маниладағы кедей аудандардың бірінде шыққан өрт мыңнан астам ғимаратты жойып, жүздеген отбасын баспанасыз…

Қазақ футболының аңызы Сергей Рожков 84 жасында дүние салды

Қазақстан футболының ардагері, «Қайрат» командасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков 84 жасында өмірден өтті.

Маусымда 12 өңірде құрғақшылық: Қазгидромет дабыл қақты

Синоптиктер маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болатынын ескертті. Батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын нормадан төмен…