Categories Жайық news

Тереңдігі 600 метр шахтада қайғылы оқиға: Бестөбеде заңсыз алтын іздеген ер адам мерт болды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты. Оның денесі 600 метрден астам тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға «Қазақалтын» компаниясына тиесілі «Новая» шахтасында болған. Кеше кешке марқұмның денесі жер бетіне шығарылды.

Полицияның мәліметінше, марқұм – 1991 жылы туған, Степногорск қаласының жұмыссыз тұрғыны. Алдын ала тергеу барысында оның шахта аумағына заңсыз кіргені анықталды.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 269-1 бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, күзетілетін аумаққа құқыққа сыйымсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Шымкенттегі кісі өліміне ұласқан төбелес: Іздеудегі тағы үш күдікті ұсталды

Шымкенттегі кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты іздеуде жүрген тағы үш күдікті Түркістан облысынан ұсталды.

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз көз жұмды: Қылмыстық іс қозғалды

Өскемендегі әскери бөлімде қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапты. Әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғап,…

Жаңа Конституция : Тоқаевтың реформасы билік құрылымын түбегейлі өзгертпек

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстандағы конституциялық реформаның ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен тең екенін мәлімдеді.