Categories Жайық news

Референдумға дайындық: Сайлаушылар тізімінен өз есіміңізді қалай тексеруге болады?

Қазақстанда 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында сайлаушылар тізімі тексеріле бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әрбір азамат өзінің тіркелген мекенжайы бойынша сайлаушылар қатарында бар-жоғын бірнеше жолмен анықтай алады. Ол үшін жергілікті әкімдікке жүгінуге, арнайы интернет-ресурстарды пайдалануға немесе байланыс орталықтарына хабарласуға болады.

Сонымен қатар 27 ақпаннан бастап әрбір сайлаушы өзіне тиесілі сайлау учаскесіне барып, тізімдегі деректерді нақтылауға құқылы. Егер аты-жөнінде немесе басқа мәліметтерде қате кеткен болса, сол жерде түзету енгізуге өтініш бере алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…