Categories Жайық news

Соғысқа қатыспаған елдерге шабуыл жасалуда: Тоқаев Бахрейн королімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ушыққан ахуалды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент Иранға қарсы қақтығысқа араласпаған Бахрейн мен өзге де елдердің азаматтық инфрақұрылымы зымыранмен атқыланғанына терең алаңдайтынын жеткізді. Ол Қазақстанның осындай қиын-қыстау сәтте Бахрейн халқына тілектес екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды одан әрі ушықтыруға қарсы екенін және кез келген қақтығысты тек диалог пен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Король Хамад бен Иса Әл Халифа үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Ол екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниетті екенін растады.

Тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен серіктестікті нығайтуға бейіл екендерін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына тыныштық пен бақ-береке тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада құтқарушыларға пәтер кілттері табыс етілді: ТЖМ басшысы сыйлады

ТЖМ басшысы Астанада құтқарушыларға пәтер кілттерін табыс етті. Бұл – тұрғын үй бағдарламасы аясындағы кезекті…

ІІМ ата-аналарға ескерту жасады: балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасады. Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…