Оралда жаңа hub пен Жастар мәдениет сарайы ашылды

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов креативті индустрия саласындағы маңызды жаңалықтармен бөлісті. Қалада ÓzgeEpic Oral creative hub және күрделі жөндеуден өткен Жастар мәдениет сарайы ашылды.

Жаңа мәдени-шығармашылық орталықтарда коворкинг аймақтары, медиа студиялар, шеберханалар, кітапхана мен концерт залы жұмыс істейді. Мұнда жастар өз жобаларын жүзеге асырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ Горький атындағы қалалық кітапхана да жаңартылып, Қадыр Мырза Әлі атындағы кабинет пен жастарға арналған заманауи коворкинг орталығы ашылды.

Мұрат Байменовтің айтуынша, бұл бастамалар қала жастарының мәдени өмірін жандандырып, креативті экономиканы дамытуға серпін береді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына ескерту жасалды: 4 мамырда не күтіледі?

«Қазгидромет» 4 мамырда еліміздің көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Солтүстік пен шығыста жел…

Оралда бизнесмендерден 500 млн теңге бопсалаған топ ұсталды

Оралда кәсіпкерлерден 500 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Олар заңсыз баю схемасын құрып, бизнеске…

Астанада LRT-ның екінші кезеңі басталды: алғашқы тірек құйылды

Астанада LRT-ның екінші кезеңі басталып, Қосшы бағытында алғашқы тірек құйылды. Жоба 11 шақырымды қамтиды.