Орал қаласы әкімдігі  қысқы маусымға дайындықты тексерілді

Орал қаласының әкімі қала жолдарын күтіп-ұстаумен айналысатын «Жайық таза қала» ЖШС техникалық базасын аралап, қысқы маусымға дайындық барысын тексерді. «Салтанат сарайы» алдындағы алаңда мекеменің арнайы техникасы көрсетіліп, директор Ринат Нұрғалиев қысқы жұмыстарға дайындық туралы баяндады.

 

Қала бойынша қысқы кезеңде жұмыс істейтін 370 арнайы техника бар, соңғы бес жылда парк 110 жаңа техникамен толықтырылып, жаңартылған. Жұмыстарға 750-ге жуық қызметкер жұмылдырылмақ.

 

Қала әкімі алғашқы қар түскен сәттен бастап техника толықтай іске қосылып, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын қар мен мұздан уақытылы тазалау қамтамасыз етілуі керегін тапсырды.

Сурет: Орал қ әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Тоқаев AI байқауларының үздіктерін марапаттады: жеңімпаздар тізімі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы «Alem.ai battle» және «AI Governance Cup» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Президент IT-стартаптарды мемлекеттік жүйеге енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы IT байқауларының жеңімпаздарын марапаттап, озық идеяларды мемлекеттік жүйеге енгізу қажеттігін айтты.

Кендірліде жаңа әуежай 2027 жылы жолаушы қабылдайды

Кендірлідегі жаңа әуежай 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.