Categories Жайық news

7 триллион теңге дауы: Президентпен келіспеген Ұлттық банк басшысының орынбасары қызметінен кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 триллион теңгенің шетелге аударылуына қатысты даудан кейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде растады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Берік Шолпанқұлов бұл қызметте 2021 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келген еді.

Бұл отставканың негізгі себебі – шенеуніктің президент мәлімдемесімен келіспеуі. Бұған дейін Берік Шолпанқұлов Тоқаевтың «көршілес мемлекеттен 7 трлн теңгенің Қазақстан банкі арқылы шетелге аударылғаны» туралы сөзінің растығына күмән келтіріп, ешқандай заңбұзушылық жоқ деп мәлімдеген.

Шолпанқұловтың бұл сөзі қоғамда үлкен талқы тудырды. Көпшілік «жалған ақпарат үшін журналистер мен белсенділер жауапқа тартылып, ал халықты адастырған шенеуніктер неге жазасыз қалады?» деген сұрақты көтерген. Кейінірек Ақорда Тоқаевтың сөзінің рас екенін растап, бұл іске санкциялардың қатысы болуы мүмкін екенін меңзеді.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) өткен кеңесте Тоқаев агенттік төрағасы Жанат Әлимановтың баяндамасына сүйеніп, қазақстандық банктердің бірі арқылы көршілес елден 7 трлн теңгеден астам қаражаттың басқа елдерге «жылыстатылғанын» айтқан. Осыған байланысты ҚМА, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке нақты тапсырма берілген болатын.

Президенттің осы мәлімдемесінен кейін еліміздегі бірқатар екінші деңгейлі банк бұл схемаға қатысы жоқ екенін жариялаған. Ал Мәжіліс депутаты Азат Перуашев биліктің бұл ақпаратты «барлық жерден өшіріп жатқанына» назар аударып, парламент нақты жауап күтетінін айтқан.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…