Categories Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын 8 қыркүйекте жасайды

 

Бұл туралы ресми түрде «Ақорда» хабарлады. Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтпек.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың сөзінше, қос палатаның жиыны 8 қыркүйек күні сағат 11:00-де басталады. Сол күні Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси реформалар және алдағы кезеңдегі басым бағыттар туралы жаңа міндеттерді жариялайды деп күтілуде.

Жолдау жыл сайынғы маңызды саяси оқиғалардың бірі болып саналады. Онда Президент елдің ішкі және сыртқы саясатындағы өзекті мәселелерге тоқталып, Үкімет пен Парламентке нақты тапсырмалар береді.

Бердалы Ораз ( журналист)

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысының Жарлығы

✍️ Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол…

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатынан

Қазақстан: өсу мен өркендеу жолында.  

Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе

Президент Касым-Жомарт Токаев провел рабочее совещание с участием Государственного советника Ерлана Карина и Помощника Президента…