Нариман Төреғалиев: Батыс Қазақстан облысында білім беру саласы – басты басымдықтардың бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды қолдау мен олардың сапалы білім алуына жағдай жасауды басты басымдық ретінде айқындап отыр. Сол себепті, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
📚Өңірімізде соңғы екі жыл уақыт ішінде өңірімізде 22 жаңа мектеп бой көтеріп, мыңдаған оқушыға заманауи талаптарға сай білім алу мүмкіндігі жасалды. Атап айтқанда, 2023 жылы – 16 мектеп, 2024 жылы – 6 мектеп салынып, пайдалануға берілді.
📍Сонымен қатар, 24 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 2,7 миллиард теңгеге 230 заманауи пәндік кабинет сатып алынды.
📌Биыл өңірімізде бой көтеретін 15 жаңа мектептің 8-нің құрылысы қазіргі уақытта жүргізілуде, қалған 7-еуі алдағы уақытта салынатын болады.
✔️Бұл бастама – үш ауысымды оқыту мен мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам.
Соңғы 2 жылда мектептерде материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға 814 миллион теңгеге 101 мектепке жиһаз және 2,7 миллиард теңгеге 54 мектеп автобусы сатып алынды, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 480 миллион теңге қаражат бөлінді.
Білім беру саласына жасалып жатқан бұл инвестициялар – болашаққа салынған берік негіз. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Ұқсас жазбалар

ҚОС ТАРАП ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесті.…

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Тоқаев христиан қауымын Рождество мерекесімен құттықтап, қоғамдағы келісім мен бірліктің маңызын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір…