Трамп Путинмен кездеспейтін болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте өтуі тиіс кездесудің болмайтынын мәлімдеді.

«Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Маған бұл қазір орынды емес сияқты көрінді. Кездесуден күткен нәтижеге жете алмаймыз деп ойладым. Сондықтан оны кейінге қалдырдық. Дегенмен, болашақта міндетті түрде жүздесеміз», – деді Трамп.

Оның айтуынша, Ресеймен соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер баяу жүріп жатыр. Бұған дейін, 16 қазанда, екі ел басшылары телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол кезде Трамп екі тараптың делегациялары келіссөздер жүргізетінін және кейін жеке кездесу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Алайда соңғы шешім бойынша Будапешттегі кездесу өтпейді.

Ұқсас жазбалар

Биофармацевтический комплекс полного цикла на 103 млрд тенге построят в Казахстане

📌 В рамках реализации поручений Президента РК по доведению доли отечественного производства в фармацевтической отрасли…

Президент әлем чемпионын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады – Бибісара…

Биыл Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы жұмысы қарқынды болды

Сурет: Ақорда 2025 жыл Қазақстан үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды кезең ретінде есте қалды.…