Categories Жайық news

Рингтен тыс жұдырық жұмсамаймын: Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға нүкте қойды

Белгілі боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасарына күш көрсетті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшы әлеуметтік желіде тараған жағдайға қатысты арнайы мәлімдеме жасап, мемлекеттік қызметкер ретінде этиканы қатаң сақтайтынын жеткізді.

«Әлеуметтік желіде және БАҚ-та тараған жағдайға қатысты айтарым: мен – мемлекеттік қызметшімін және өз міндетімді атқару кезінде мемлекеттік қызметші этикасын сақтаймын. Бапкерлерім мені бала кезден рингтен тыс жерде күш қолданбауға тәрбиелеген. Мен өз күшімді жақсы білемін және барлық іс-әрекетіме жауапты екенімді түсінемін. Сондықтан ешқандай арандатуға бой алдырмаймын. Бұл мәселе толық шешілді, осымен жабық деп есептеймін», — деді ол.

Бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы оқиға 21 қаңтарда болғаны хабарланған еді. Алайда екі тарап арасындағы кикілжіңнің себебі әзірге белгісіз.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

OPEC+ Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттырды: бұл қандай мүмкіндік береді?

OPEC+ елдері Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттыруға келісті. Алайда инфрақұрылымдағы мәселелер өндірісті ұлғайтуға кедергі…

БҚО-да батпаққа батқан көліктен алты адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары батпаққа батып қалған көліктен 6 адамды аман-есен алып шықты. Оларға…

Ақтауда екі айлық сәби шетінеді: Тұрмысы нашар отбасы полиция назарында болған

Ақтауда тұрмысы нашар отбасында екі айлық сәби қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, отбасы бұрыннан бақылауда, ал…