Categories Жайық news

Ақжайықта балалардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Мендіғалиев төрағалық етсе, аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысты.

Басқосуда Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауында көтерілген міндеттер негізге алынды.

Комиссия жұмысының басты бағыты – балалардың құқықтарын қорғау. Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, «ДосболLIKE» бағдарламасын дамыту, әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Қанат Мендіғалиев өз сөзінде цифрландыру арқылы балаларды қорғауды жаңа деңгейге көтерудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мониторинг жүйелері мен жасанды интеллект алгоритмдерін енгізу қауіптің алдын алуға жол ашады. «Көмек Stop bullying» жобасы сияқты тәжірибелерді кеңейту қажеттігін де айтты.

Отырыс соңында алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар беріліп, бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…