БҚО-да үш айға созылған «Бабалар ізімен» облыстық лигасы қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысында Наурызнама аясында басталған «Бабалар ізімен» облыстық ұлттық спорт лигасы өз мәресіне жетті. Былтыр қалалық деңгейде өткен сайыс биыл облыстық ауқымда, кең көлемде ұйымдастырылды. Бұл – ұлттық мұраны ұлықтаудағы тағы бір қадам.

Жарыстар Орал қаласы мен облыстың әр ауданында өтті. Негізгі мақсаттары:

  • Ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау
  • Жастардың ұлттық спортқа қызығушылығын арттыру
  • Ауыл-аймақтар мен қалалардағы талантты спортшыларды анықтау және қолдау көрсету
  • Ұлттық мұраны сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу.

Лига аясында 11 ұлттық спорт түрінен жарыстар өткізіліп, оған 300-ге жуық спортшы қатысты. Үш айға созылған сайыс нәтижесінде тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, жекпе-жек, дәстүрлі садақ ату және бәйге сынды спорт түрлері бойынша облысымыздың үздіктері анықталды.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Оған ұлттық құраманың бас бапкерлері, федерация басшылары және халықаралық дәрежедегі төрешілер қатысты.

Шараның қорытындысы Облыстық халық шығармашылық орталығының залында өтіп, әсерлі күй, әсем ән, ұлттық би – бәрі кештің шырайын келтірді.

Жарыс жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәлет Сәбитов, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Армат Исанов, Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев және басқалар марапаттады.

Ұқсас жазбалар

Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын,…

Оралда Қазақстан мен Ресей форумына дайындық басталды

Премьер-министрдің жұмыс сапары барысында үкімет басшысы Орал қаласында 11–12 қарашада өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI…