Орал қаласында экологиялық және әлеуметтік маңызы жоғары екі ірі жоба – жаңа ботаникалық бақтың ашылуы және үстел теннисі орталығының құрылысын бастау рәсімі өтті. Іс-шараларға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысты.
Жаңа ботаникалық бақ: табиғи және ғылыми әлеует
Ботаникалық бақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында салынды. Аумағына 1500-ден астам ағаш, 11 мыңнан аса бұта отырғызылып, демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолдары, шахмат және үстел теннисі алаңдары жасақталды.
Бақта сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау, жаңа түрлерді бейімдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым орналастырылған. Бұл нысан Орал қаласының табиғи келбетін жақсартып қана қоймай, ғылыми орталық рөлін атқарады.
Бақтың ашылуынан кейін Ақжайық шағынауданында екі қабатты жаңа Үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Жоба Freedom Holding Corp қаржыландыруымен жүзеге асады.
Орталықта:
400 орындық көрермен залы,
40 үстелге арналған заманауи ойын алаңы,
конференц-зал,
медициналық пункт,
толық бейімделген инфрақұрылым болады.
Сурет: БҚО әкімдігі

