Categories Қоғам

БҚО-да «Ауыл аманаты» жобасымен 181 адам несие алған

Ұлттық статистика Бюросының мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2024 жыл қорытындысы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 353 973 адам, соның ішінде 336 811 адам жұмыспен қамтылғандар болып табылады деп хабарлайды zhaiyqmedia.kz

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% құраған. 2025 жылдың 1 мамырына өңірдегі мансап орталықтарында ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 17 103 адам. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 213 жобаны іске асыру арқылы 28 657 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 30 474 (22 723-і тұрақты, 7751-і уақытша) адам жұмысқа орналасты, орындалуы 106,3% құрайды.

Оның ішінде атап айтсақ:

— Өңірлік карта аясында 208 жобаны мердігерлік мекемелермен іске асыру арқылы 1 020 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып 1 030 адам жұмысқа орналасты, орындалуы 101,0% құрайды;

— «Халықтың әрбір 10 мың адамына 100 жаңа жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша 8 784 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 9 897 жаңа жұмыс орны құрылды (жеке кәсіпкерлік, шаруа қожалығы);

— «Ауыл аманаты» жобасы аясында 978 адамға 6,3 млрд. теңгеге несие беру жоспарланып, 181 адам несие алды;

— 22 815 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 25 210 адам әр түрлі шараларға жолданды.

Ұқсас жазбалар

Сот Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдетуден бас тартты

  Алматы облысы Алатау қаласының соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдету…

1 қыркүйектен бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Жаңа оқу жылының басталуымен қатар, қазақстандықтардың өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Оқушылар мектепке оралады…

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алдын алу…