Categories Қоғам

БҚО-да әлеуметтік осал топтарға баспана жақсы берілуде

Соңғы екі жылда қалалар мен ауылдық елді мекендерде 59 тұрғын үй салынып, нәтижесінде 132 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – бұл 1449 пәтер.
Үйлері қауіпті деп танылған азаматтарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазір облыста 871 отбасы баспанаға мұқтаж. Биыл 180 пәтер беріледі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы уақыт ішінде Орал қаласы мен облыстың 12 ауданында 15,6 млрд теңгеге 1007 пәтер сатып алынды.
«Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы тұрғын үй салу бағытындағы басымдықты ауылдық жерлерге бұру жөнінде шешім қабылдадым. Нәтижесінде, өткен жылы 805 пәтер, ал биыл 555 пәтерді әлеуметтік осал топтарға тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Орал мен Ақсай қалаларында 5 көпқабатты тұрғын үй, ауылдық жерлерде 14 тұрғын үй пайдалануға беріледі»,- деді өңір басшысы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Қалтасы жұқа,ар-ұжданы биік тәуелсіз журналистің тағдыры

Қазақстанда тәуелсіз журналист болу – тек кәсіп емес, азаматтық ұстаным. Бірақ сол ұстанымның құны кейде…

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең. Ондай елде шындық сыбырлап айтылады, ал…