Categories Жайық news

БҚО-да 11,7 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды  

Облыс әкімдігінде Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллинның төрағалығымен бассейндік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.

Күн тәртібінде Жайық, Қараөзен, Сарыөзен және Қиғаш өзендерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің өту барысы, су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік жоспар, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін су пайдалану лимиттері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов суармалы жер көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатқанын жеткізді. Былтыр өңірде тұрақты суарылған алқап көлемі 12,4 мың гектарды құрады. Оның 6,7 мың гектарына мал азықтық, ал 2,5 мың гектарына дәнді дақылдар және 3,1 мың гектарына картоп, көкөніс пен бақша дақылдары егілді. 2026 жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы 12,1 мың га алқапты суару жоспарланды.

Салалық министрліктің нормативтік құжаты мен тиісті бұйрыққа сәйкес облысқа ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін 2026 жылы 35 млн текше метр пайдалану лимиті бекітілген. Алайда саладағы жалпы өнім көлемін арттыруға бағытталған өңірлік жоспарды орындау үшін бұл лимит аздық етеді. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары бассейндік кеңеске су пайдалану үшін рұқсат етілген көлемді қайта нақтылау туралы ұсыныс берді.

Консультативтік-кеңесші орган отырысының қорытындысы бойынша су ресурстарын үнемдеу, оларды бөлу және тиімді пайдалану тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізілді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

БҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыспен қамтудың белсенді шараларының І…

БҚО-да газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызға жетті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көмір энергетикасын дамыту және көмір…

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті: «Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да қатаң мәлімдеме жасады. Ол "бүгін түнде тұтас…