Categories Жайық news

Бокстан ұлттық құрама: Екі дүркін әлем чемпионын дайындаған маман келді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты. Бұл қызметке екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ұлттық құрама тізгінін ұстаған Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен босатылды. Ол 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман еді.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы халықаралық турнирлерде көптеген жеңіске жетіп, әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алды. Отандық бокс қауымдастығы атынан Қайрат Тұрсынханұлына алғысымызды білдіреміз!» – делінген ресми хабарламада.

50 жастағы Нұржан Насанов бапкерлік мансабын 2016 жылы бастаған. Ол – екі дүркін әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайды дайындаған маман.

Ұқсас жазбалар

Close-up grayscale portrait of a riot police officer in Sao Paulo, Brazil.

Ирандағы жағдай ушықты: «Адамдардың басы мен жүрегіне оқ тиген»

Иранда үкіметке қарсы наразылық күшейді. Билік «қызыл сызық» туралы ескертсе, дәрігерлер ауруханалардың мәйітке толғанын айтып…

Youth climate protest with participants holding 'Planet Over Profit' sign.

Трамп Ирандағы жағдайға араласты: АҚШ наразыларға көмектесуге дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразыларға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол билікке қатаң ескерту…

Оңтүстікте – жаңбыр, Астанада – көктайғақ: Ірі қалаларда ауа райы құбылады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болатынын ескертті. Астанада көктайғақ, ал…