Categories Жайық news

Білім беру инфрақұрылымын дамыту – облыстың басты басымдықтарының бірі   

Соңғы үш жылда облыста білім беру саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңде облыс бойынша 30 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.

Олардың құрылымы келесідей:

• Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында 16 мектеп (1338 орын);

• Жергілікті бюджет есебінен 3 мектеп (1060 орын);

• Білім инфрақұрылымын дамыту қоры есебінен 2 мектеп (508 орын);

• «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 мектеп (8100 орын).

Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 11 апаттық, 7 үш ауысымды және 12 бейімделген ғимарат мәселесі толық шешілді, яғни балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалды.

Жергілікті бюджет және «Қазақстан халқына» қоры есебінен 7,8 млрд теңгеге 514 пәндік кабинет сатып алынды.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, 2025–2027 жылдары өңірдегі 86 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарыжоспарланып отыр, бұл білім беру инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Ұқсас жазбалар

Атырау облысында бүтін бір отбасы жарты жылдан бері табылмай жатыр

Атырау облысындағы ауылда бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып, жарты жылдан бері табылар емес.

A serene snowy road through a winter forest lined with tall trees.

Бүгін желді, көктайғақ әрі тұман: синоптиктер 2 қаңтарға ескерту жариялады

2 қаңтарда ел аумағында көктайғақ, тұман және бұрқасын күтіліп, дауылды ескерту жарияланды.

Firefighters working to extinguish a house fire, showcasing bravery and teamwork outdoors.

Швейцариядағы тау шаңғысы курортында өрт шығып, 40 адам қаза тапты

Швейцариядағы Crans-Montana курортында түнгі клуб өртеніп, 40 адам көз жұмды, 115-тен астамы жараланды.